Ақтауда парашюті толық ашылмай қалған әскери қайтыс болды

Опубликовано:

әскреи
Марқұм Мұратжан Жамауов. Видеодан кадр: youtu.be/cRAsFzI4vsw

Ақтауда парашюті толық ашылмай қалып, құлаған әскери қызметкер ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұратжан Жамауов облыстық ауруханада 1 қыркүйекте қайтыс болған. Ол жансақтау бөлімінде жатқан.

Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасағанымен әскери қызметкерді құтқару мүмкін болмапты деп жазады Lada.kz.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы Мұратжан Жамауовтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтауда әскери қызметкердің секіруді орындау барысында парашюті толық ашылмай қалғанын жазған болатынбыз.

Кейінірек, марқұмның парашютпен секірген сәтінің видеосы жарияланды. Оны бірге болған әріптестерінің түсіріп алғаны белгілі болды.

Айта кетсек, қорғаныс министрлігі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берген. Ведомство әскери қызметкер жерден берілген командаларға жауап бермеді, деді.

Сонымен қатар, қосалқы парашютті де ашпағанын мәлімдеді. Соның салдарынан әскери қызметкер жерге қатты құлаған.

Алайда марқұмның анасы Күлжахан Жамауова ведомствоның хабарламасымен толығымен келіспейтінін жеткізді.

"Осы оқиғаға қатысты әскерилердің ұстанымымен толығымен келіспеймін. Жерден команда беретін әскерилер мегафонды қолдануы қажет. Ондай құрылғы болған жоқ. Сосын ұлымның парашютінде бір ілмек болмады. Парашюттің өзі тергеушінің кабинетінде әлі жатыр. Сараптама басталған да жоқ", - дейді ол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872290-aktauda-parasuti-tolyk-asylmaj-kalgan-skeri-kajtys-boldy/