"Қара бүркіт" басшысының әпкесі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: almaty.tv

"Қара бүркіт" колониясы басшысының әпкесі ағасының кінәсіз екенін айтып, қазақстандықтарға мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әйел жергілікті "ТоболИнфо" басылымының редакциясына жүгініп, өз есімін жария етпеуді өтінген. Ол есімін жарияласа, өзінде де, ағасында да қиындықтар туындауы мүмкін екенін алға тартқан. Және бұл қиындықтар заң тұрғысынан емес, қауіпсіздік тұрғысынан туындауы мүмкін дейді ол.

Өзін Арман Әбілевтің үлкен әпкесі ретінде таныстырған келіншек ағасы жемқорлыққа күдіктелгенімен, кінәсіз болуы мүмкін екенін айтуда. Әйел ағасы алғаш қызметке кіріскен күндерді есіне алды.

"Оны желтоқсанда қызметке тағайындады. Осы жылдың қаңтарынан бастап ол бізге оны біреу қылмыскер етіп көрсетуге тырысып жүргенін айтатын. Біз кім екенін нақтылап сұрастырмадық. Тек анам, ағамның әйелі және мен бұл жайттан хабардар жүрдік. Ол жұмысында жүйе нашар екенін, жұмыс ауыр екенін және қызғаныш көп екенін айтатын. Біз бұны естіп, көңіліміз түсетін", - дейді әйел.

Әйелдің айтуынша, түрме басшысы көп ұзамай зейнетке шығуы тиіс болған.

"Ол зейнетке көп ұзамай шығатындықтан, жұмысына шыдап жүрді. Жалғыз кемшілігі - соңғы күндері ішкілікке салынған еді. Үйге келмей, кей күндері жұмысында түнеп қалатын. Жұмысынан келгенде, жиі мас келетін", - деп есіне алды ол.

Келіншек қаскөйлердің осы жайтты пайдаланып, ағасын қылмыскер етіп көрсетуі мүмкін екенін алға тартты.

"Қамауға алынған күні де ол мас еді. Мас адамды қылмыскер етіп көрсете салу - оңайдың оңайы. Бәлкім ол сол ақшаларға қолын тигізіп қойғанын да ұқпаған болар? Жүйе ауыр. Егер олар расымен күнде тексерумен болса, не себепті оның мас жүргенін тіркеп алмады? Сол үшін ғана жұмысынан шығарып жіберсе болатын еді ғой? Ал оны тек қамауға алғанда жазып отыр", - дейді әйел.

Келіншек ағасы қамауға алынған күні бауырына пара алмағанын айтқанын есіне алды. Одан бөлек жұмысында оны жек көргендер болғанын сөз етті.

"Арман бауырына қамауға алынған күні ешқандай пара алмағанын айтты (жылауда). Бұл шындық. Қатты қорқамын. Оның мінезі ауыр болғасын, жұмыста жек көрді. Алайда оның пара алуы екіталай. Ал шын мәнісінде не болғаны бір Аллаға ғана аян", - деп сөзін аяқтады ол.

Басылым материал әзірлену барысында әйел тағы бір ақпаратты ұсынғанын жазуда. Келіншектің сөзіне сенсек, "Әбілевті тергеу изоляторында соққыға жығып, оның жүрегі сыр берген".

Еске салсақ, жақында "Қара бүркіт" колониясының басшысы парамен ұсталған болатын. Кейін "Қара бүркіт" басшысының ұсталуына қатысты тың мәліметтер жария болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872298-kara-brkit-bassysyny-pkesi-kazakstandyktarga-mlimdeme-zasady/