Атырау тұрғыны таныстарын тонап, үй иесіне қылмыс туралы өзі хабарлаған

Опубликовано:

Ұрлықшы
Көрнекі фото: pxhere.com

Атырауда 47 жастағы ер адам жолдастарының үйіне барып, сол жерден 14000 доллар мен зергерлік бұйымдарды қолды қылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ол барлық күдіктерді өзінен аластатуға тырысты. Әуелде пластик терезе жақтауын сындырып, аулаға сейфті лақтырып жіберді... Бір сөзбен айтқанда, ер адам үйге бейтаныс адамдар кіргендей кейіп танытқысы келген. Содан кейін өзі үйдің иесіне тонау туралы хабарлапты.

Атырау облысының ПД-ның хабарлауынша, оқиға орнына келген жедел уәкілдер оларға ұсынылған нұсқадан бірқатар сәйкессіздіктерді байқаған. Айтуларынша, ұрылар белгісіз бір себептермен өзге де зергерлік бұйымдарға және бір жарым миллион теңгеге қол тигізбеген.

Нәтижесінде ер адамнан қайтадан жауап алынды, содан кейін ол құрықталды. Сондай-ақ, одан ұрланған зергерлік бұйымдар мен ақша табылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, сот қамауға алынған адамға еш жерге кетпеу туралы қолхат түрінде алдын-алу шарасы ретінде санкция берді.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде жарты сағатта үш адамды тонаған 24 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлаған едік. Полиция күдіктіні ұстаған. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, Түркістан облысында полицейлер жергілікті тұрғынның сандықтағы ақшасын ұрлап кеткен туыс інісін ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872366-atyrau-trgyny-tanystaryn-tonap-j-iesine-kylmys-turaly-zi-habarlagan/