Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында қарбыз толы КамАз аударылып қалды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Рудный-Қашар тасжолында үш көлік соқтығысып, қарбыз толы КамАз жыраға аударылды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Жергілікті Алау порталы таратқан ақпаратқа сәйкес, жол апаты сәрсенбі күні Қостанай облысы Ульяновка ауылынан 15 шақырым жерде орын алған.

"Volkswagen Polo жеңіл көлігінің 51 жастағы жүргізушісі Федоровка ауданына бара жатып, КамАЗ-ды озып өтпек болған. Ол қарама-қарсы бағытта көліктің бар-жоғын қарамай, Ford-пен соқтығысты. Осыдан кейін КамАЗ-ға соғылды", - деді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қатты соғылмаса да, КамАЗ жүргізушісі көлікті басқара алмай, бірер секундта жыраға аударылғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары қарбыз шашылып, жүктің басым бөлігі жарамсыз болып қалғанын мәлім етті.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтау жағалауында қарбыздардың өсіп кеткенін жазған болатынбыз. Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872382-kostanaj-oblysynda-karbyz-toly-kamaz-audarylyp-kaldy/

pixel