RU

Баспанасы барлар зейнетақы жинағын басқа пәтер алуға жұмсай ала ма

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Баспанасы бар тұрғындардың зейнетақы жинағын басқа тұрғын үй алуға пайдалана алатыны белгілі болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бұл бағытта ешқандай шектеулер болмайды, яғни халыққа ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Егер бір бөлмелі пәтердің орнына екі бөлмелі пәтер алуға шешім қабылданса, онда БЖЗҚ-дан ақшаны шешуге немесе қосымша төлеммен пәтерді айырбастауға рұқсат беріледі.

Мұнымен қоса, бір бөлмелі пәтерді сатып, одан түскен ақша мен зейнетақы жинағын қосып, екі бөлмелі пәтер сатып алуға болды.

"Осы мәселелердің барлығы қарастырылған. Сәйкесінше, басқа баспана алуға шешім жасалса, шектеу болмайды", - деп нақтылады министрліктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасады.

Жолдауы барысында мемлекет басшысы 700 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтты.

Кейінірек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 700 мыңға кімдердің кіргенін айтып берді.

Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалану үшін шотта қанша ақша болуы керек екенін нақтылап кетті.

Сонымен қатар, зейнетақы қорындағы ақша емделу үшін қалай берілетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872466-baspanasy-barlar-zejnetaky-zinagyn-baska-pter-aluga-zmsaj-ala-ma/