Бірнеше реттік маска тағуға бола ма
Опубликовано:

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі онлайн брифинг барысында бірнеше реттік маскаларды тағуға бола ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бекшиннің айтуынша, бірнеше реттік маскаларды тағуға болады, өйткені ешқандай талапта алматылықтардың қандай маска тағуы керек екені айтылмаған.
"Қандай маска сатып алуға жағдайымыз келсе, сондай масканы тағамыз. Зауытта қайта пайдалана беруге болатын маскалар да, бір реттік маскалар да бар. Вирус өршіген айларда адамдар өздері маска тігіп алып таққан. Оларға ешкім оны тағуға, екі сағат сайын үтіктеуге тыйым салмайды.
Біз қандай да бір масканы тақ дей алмаймыз, бұл ешқандай нормативтік құқықтық актілерде көрсетілмеген", - деді ол.
Десе де, Жандарбек Бекшин бір реттік медициналық маскаларды алған жөн екенін алға тартты. Өйткені оны дұрыс тағып, 2-3 сағат сайын ауыстырып отырса, вирустан көбірек қорғайды екен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ғалымдар коронавирусқа қарсы ең тиімді масканы атаған еді.
Сарапшылар қолдан жасалған бір және екі қабатты матадан жасалған маскалар мен үш қабатты хирургиялық бетперделерді салыстырған.
Зерттеу нәтижелері үш қабатты хирургиялық масканың ең тиімді екенін көрсеткен. Аталған маскамен сөйлеу және жөтелу кезінде тамшылар аз таралды екен.
Сондай-ақ, терапевт-эндокринолог Дария Мамыраимова коронавирустан сақтану үшін масканың қандай түрін таққан дұрыс екенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872478-birnese-rettik-maska-taguga-bola-ma/