"Ақша жоғалып кетуі мүмкін": Маман QR-кодтың қаупі туралы айтты

Опубликовано:

QR-код1
Көрнекі фото: piqsels.com

QR-код — мәтін мен сілтемені сақтауға арналған машинамен оқылатын формат. QR-код-та интернетте алаяқтықпен айналысатын сайтқа сілтеме болса, ақша жоғалтып алу қаупі бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Прайм-ға сілтеме жасап.

QR-кодтың осы бір қаупі туралы DLBI мәліметтер жоғалтуын барлау сервисінің негізін салушы Ашот Оганесян айтты.

"Адам сілтеме арқылы өтіп, төлем мәліметтерін енгізген жағдайды қарастырайық. Алаяқтық үшін құрылған сайтқа кіріп, ақпаратты құпиясөз немесе смс арқылы растасаңыз, ақшаңыздан айырылып қалуыңыз әбден мүмкін", – дейді сарапшы.

Оған қоса, Оганесян QR-кодты қолдан жасау мүмкін емес екенін ескертеді, оның үстіне рас және жалған кодтарға бөлу деген болмайды. Сол себепті адам кодты танып, онда не бар екенін анықтай алмайды.

Бірақ смартфон мұны URL мекенжайын көрсету арқылы жасай алады. Қолданушы сілтеменің тек қандай сайтқа апаратынын мұқият қарау керек.

"Домен код алынған компанияға немесе қызметке сәйкес келетіндігіне көз жеткізу керек, яғни кез келген сілтемені алған кезде интернет алаяқтыққа қарсы стандартты шаралар қолдану керек", – деп қорытындылады Оганесян.

Еске салсақ, Атырау облысы, Мақат ауданының полициясы өзгенің банк картасын пайдаланған 40 жастағы алаяқты ұстаған еді.

Сонымен қатар оңтүстік астанада алаяқтықтың жаңа түрін ойлап тауып, оны пайдаланды деген күдікке ілінген үш адамды полиция тұтқындаған болатын.

Ұсталған үш адам жалған электронды түбіртектерді пайдаланып, шағын дүкендердің сатушыларын алдап жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872574-aksa-zogalyp-ketui-mmkin-maman-qr-kodty-kaupi-turaly-ajtty/