Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіпкерлер жыл соңына дейін жалдау ақысын төлемеуі үшін не істеуі керек

Опубликовано:

Ақшалар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шағын және орта бизнес кәсіпкерлері жыл соңына дейін жалдау төлемін тоқтату туралы өтінішті қайта бере алатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Министр республикалық және коммуналдық меншік мәселелері бойынша Gosreestr.kz порталы жұмыс істейтінін мәлімдеді.

"Шағын және орта бизнес субъектілері жыл соңына дейін жалдау төлемін есептеуді тоқтату туралы электронды өтініш бере алады. Өтініштер электронды форматта өңделеді. Қосымша келісім бекітіліп, жалдау ақысы уақытша тоқтатылады", - деп түсіндірді Жамаубаев үкімет үйінде өткен брифингте. 

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қанша пайызға өсетінін хабарладық.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік қызметшілер санын қысқартқаннан кейін, төмен буындағы қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 15% көтерілетінін айтты.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдауында барысында мемлекеттік қызмет жүйесін қайта қалыпқа келтіру қажеттілігін атап өтті.

Президент коронавирус пандемиясы мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу форматына көшуі мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын дәлелдегенін және бұл жүзеге асуы тиіс екенін айтты.

Осыған байланысты, мемлекет басшысы квазимемлекеттіксектор қызметкерлері мен мемлекеттік орган штатын қысқартуды тапсырды.

Оның сөзінше, үнемделген қаражат есебі арқылы басқа мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872618-ksipkerler-zyl-soyna-dejin-zaldau-akysyn-tlemeui-sin-ne-isteui-kerek/

pixel