RU

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаға тағы бір үміткер пайда болды (видео)

Қоронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда COVID-19 вакцинасы атағына жаңа үміткер пайда болды. Препарат Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Халықаралық вакцинация орталығында жасалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа дәрі жасау үшін зертханалық зерттеулерге Айкімбаев атындағы ерекше қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының мамандары да қатысқаны атап өтілген.

"Хабар 24" телеарнасының сайтында хабарланғандай, COVID-19-ға қарсы вакцинаның бас негізін қалаушы, микробиолог Қайсар Табынов болып шықты. Ол бұған дейін тамыз айында коронавирусқа қарсы екпені алған ең алғаш адам.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жаңа вакцина суббірлікті вакциналарға жататын ақ, мөлдір емес сұйықтық болып табылады.

Бұл ақуыздың құрамына коронавирусты организмдегі жасушаларға қосатын зат кіреді. Алайда, олар жасанды түрде синтезделеді, демек толықтай қауіпсіз болып саналады.

Табынов вакцинаға арналған ақуыздарды өздігінен оқшаулай алғанын, бірақ екінші компонентті оларға Франциядағы әріптестердің бергенін айтты. Бұл әлемге әйгілі MR-59 аналогы.

Заттың лицензияланғаны және оны қолдану вакцинаны әзірлегеннен кейін тәжірибеге енгізуге оң әсер ететіні хабарланды.

Бұл кезеңде жануарларға жаңа препараттың клиникаға дейінгі сынамалары жүргізіледі.

Назарбаев Университеті жобаға қызығушылық танытып отыр, сондықтан барлық зерттеулер оның қарамағында өткізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872621-kazakstanda-koronaviruska-karsy-vakcinaga-tagy-bir-mitker-pajda-boldy-video/