Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алдағы демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істемейді

Опубликовано:

Коронавирус Алматы қаласы
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, демалыс күндері қалада бірқатар шектеу сақталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ оңтүстік астананың Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, демалыс күндері сауда үйлерінің, сауда желілерінің, ішіндегі азық-түлік супермаркеттерін есепке алмағанда, сауда- ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ, азық-түліктік және азық-түліктік емес жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар мен косметологиялық қызмет көрсететін нысандар жұмысын тоқтатады.

Фитнес-орталықтар мен спорт-сауықтыру орталықтарының, бассейндер мен жаттығу залдарының, сауналар мен ашық алаңдағы аттракциондардың жұмысын уақытша тоқтату мәселесі қарастырылып жатыр.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде демалыс күндері қоғамдық көлік те тоқтайтынын мәлімдеді. Қоғамдық тамақтану нысандары ғимаратта 30 адамға дейін, ал таза ауада 50 адамға дейін қабылдай алады.

Ал ұжымдық шараларға әлі де тыйым салынады. Тамақтану орындарында жұмыс кестесі жұмыс, демалыс және мереке күндері таңғы 9:00-ден 23:00-ге дейін. Тамақты жеткізу қызметіне рұқсат бар.

Айта кетейік, синоптиктер елімізде 5-7 қыркүйекте ауа температурасы төмендейтінін хабарлады. Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклон әсерімен салқын, бірақ құрғақ ауа райы келеді. Бұл, әсіресе, елдің батыс және оңтүстік облыстарына байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872655-almatyda-aldagy-demalys-knderi-kandaj-nysandar-zmys-istemejdi/

pixel