Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Жел1
Көрнекі фото: Olivier Hoslet

Елімізде алты облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазгидромет сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 7 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

7 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ертең күндіз Павлодар қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

7 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Көкшетауда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді.

7 қыркүйекте таңертең және күндіз Нұр-Сұлтан қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

7 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең Қостанай қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Петропавла солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Еске салсақ, 6 қыркүйек күні, таңертең Шымкент қаласынан ұшып шыққан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы Атырау облысында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті.

Оған қоса, бұған дейін Алматыдағы Зерделі ықшам ауданында қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің сыртқы қалың сылағы сыпырып түсіп қалғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872663-elimizdi-alty-oblysynda-dauyldy-eskertu-zarialandy/