Зейнетақы жинағын пайдалану: Әр жас үшін жеткіліктілік шегінің мөлшері жарияланды

Опубликовано:

зейнетақы жинағы
Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әртүрлі жастағы адамдар үшін жеткіліктілік шегінің мөлшерін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға 2021 жылдан бастап рұқсат етіледі.

Зейнетақы шотындағы ақшаны алу үшін салымшының жинағы жеткіліктілік шегінен асуы керек.

Еңбек министрлігі әртүрлі жастағы адамдар үшін жеткіліктілік шегі қанша болуы керек екенін көрсетті.

Зейнетақы1
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Кімдер пайдаланады

  • Зейнетақы жинағы бар еңбекке жарамды жастағы азаматтар – 529, 7 мың адам;
  • БЖЗҚ-да жинағы бар зейнеткерлер – 178,4 мың адам;
  • Зейнетақы аннуитетін рәсімдеген қазақстандықтар – 13,3 мың адам.

Ақшаны қандай мақсатта жұмсауға болады

  • баспана (жаңа және қолданыстағы үйлерден) немесе жер учаскесін сатып алу;
  • ипотеканы қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейлі банкте, кез келген бағдарлама бойынша);
  • жеке тұрғын үй салу немесе жөндеу;
  • тұрғын үй жағдайын жақсартудың басқа нұсқалары.

Еске салсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2021 жылы қазақстандықтардың қайсысы зейнетақы жинағынан ақша ала алатынын айтқан еді.

Оған қоса, министр зейнетақы жинағындағы "жеткіліктік шегіне" қатысты түсініктеме берген болатын.

Сонымен қатар, баспанасы бар тұрғындардың зейнетақы жинағын басқа тұрғын үй алуға пайдалана алатыны белгілі болды. Белгілі болғандай, бұл бағытта ешқандай шектеулер болмайды, яғни халыққа ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872664-zejnetaky-zinagyn-pajdalanu-r-zas-sin-zetkiliktilik-segini-mlseri-zarialandy/