Тоқаев Ақтөбе облысының әкімі Оразалинге бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

оңдасын оразалин
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және эпидемиологиялық ахуал туралы баяндалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Оңдасын Оразалин аймақты дамыту жоспарымен таныстырды.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының батыс өңірді толықтай азық-түлікпен қамтамсыз ету мүмкіндігін пайдалана отырып, мал азығын дайындауды арттыру, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өндіріске жаңа технологияларды енгізу көзделген.

Облыс әкімі өңірдің көлік-логистикалық әлеуетінің жоғары екенін атап өтіп, аймаққа инвестиция тарту жоспарымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңдасын Оразалинге Ақтөбе облысында экономикалық өсімді қамтамасыз етуді, халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерді ұдайы назарда ұстап, оны ретімен шешуді, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдаған болатын.

Кездесуде президенттің биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей және портфелді инвестиция тарту жұмыстары кезінде өңірлік үйлестірудің маңызына ерекше тоқталды.

Қайрат Келімбетов президентке қаржы орталығының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО жұмысын жаңғырту жайын баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872705-tokaev-aktbe-oblysyny-kimi-orazalinge-birkatar-tapsyrma-berdi/