Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа ғимараттың сыртқы сылағы желмен ұшып кетті (фото, видео)

Опубликовано:

Зерделіде
Фото: zakon.kz

Алматыдағы Зерделі ықшам ауданында қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің сыртқы қалың сылағы сыпырып түсіп қалдыдеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерге жүктеліп, лезде тарауда.

"Сұмдық, Алғабастағы (Зерделі) 36 үй, тағы да бүлініп жатыр. Бүгін үйдің сыртқы қалың сылағы сыпырылып, жел ұшырып әкетті", - делінген видеоның астында.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, оқиға 4 қыркүйекте сағат 12: 55-те болған.

"Қатты соққан жел 5 қабатты тұрғын үйдің батыс бөлігіндегі сыртқы қабырғасының шамамен 40 шаршы метр қалың сылағын жұлып әкетті. Зардап шеккендер жоқ. Алатау аудандық әкімдігінің қызметкерлері сол жерде жұмыс істеп жатыр, қазіргі уақытта КСК өкілі апат орнына қоршау орнатуда, - деп хабарлады ТЖД хабарламасында.

Zakon.kz тілшісі апатты үйдің тұрғынымен сөйлесіп, мән-жайды анықтаған. Белгілі болғандай, тұрғын үйдің сыртқы сылағының түсіп қалғанын бірден аңғарматы.

"Бірден байқамадым. Мен кіреберісті жөндеу туралы жиналыс өтеді деген соң, көпқабатты үйдің алдына шығып тұрғанмын, сол кезде ғана оны көзім шалды. Біз KСK-ға қоңырау шалдық, қазір соларды күтіп отырмыз. Оны енді кім жасайды, білмеймін. Оның қыста емес, қазір түсіп қалғаны да жақсы болған секілді", - дейді ол.

Айта кету керек, 2019 жылдың желтоқсан айында осы ықшам аудандағы тағы бір тұрғын үй қисайып, пәтер иелері уақытша басқа жаққа көшірілген.

Сондай-ақ, Петропавлда екіқабатты тұрғын үйдің қабырғасы опырылып түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872711-almatyda-zaa-gimaratty-syrtky-sylagy-zelmen-syp-ketti-foto-video/

pixel