Алматы облысында ауылдастарының малын ұрлаған күдікті қолға түсті

Опубликовано:

Алматы полициясы
Фото: polisia.kz

Кербұлақ ауылының 23 жастағы тұрғыны мал ұрлығын жасады деген күдікпен қамаққа алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның төрт мәрте мал ұрлығын жасап, аудан орталығына әкеп сатқаны дәлелденді. Тамыз айының аяғында Сарыбастау ауылының тұрғындары жайылымнан бір-екіден ұсақ малдарының қолды болғаны туралы полицияға арызданған. Қылмыстарды ашуға бағытталған жедел іздестіру шаралары барысында күдікке ілінген 23 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.

"Күдіктінің төрт мәрте мал ұрлығын жасағаны дәлелденді. Ол ауыл тұрғындарының малын жайылымнан ұрлап, аудан орталығына әкеп сатқаны анықталды. Қазіргі уақытта алты бас қой-ешкі сатып алушылардан аман-есен тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Күдіктінің бұдан өзге де мал ұрлықтарына қатысы бары тексерілуде", – деп атап өтті Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы Ербол Ахметқалиев.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталғанға дейін күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Айта кетейік, жақында Алматыда мас адам өзге біреудің көлігін ұрлап, өртеп жіберді.

"Мұны ішімдікке мас күйінде “ВАЗ” автокөлігін ұрлап кеткен 1994 жылы туған К. мырза қолданған. Бірнеше сағаттан кейін сол алаңда көліктің жанып кеткені анықталды. Біз өртемес бұрын көлікті бөлшектегенін анықтадық.

Қаскөй қозғалтқышты, аккумуляторды және кез-келген құнды қосалқы бөлшектерді иемденді. Күдікті бірден анықталды. Ұсталды. Ол қазір қамауда. Қаскөйдің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қарастырылады", – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872726-almaty-oblysynda-auyldastaryny-malyn-rlagan-kdikti-kolga-tsti/