Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы колониядан босатылды

Опубликовано:

Жанзақов
Фото: Zakon.kz

Қазақстан әскери сотының апелляциялық сатысы елдің Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақовқа жаңа үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Қосмұратов бұрынғы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысының ісі апелляциялық сатыда қаралғанын айтты. Алдыңғы үкім өзгертілді деп жазады Sputnik Қазақстан.

6 жылға бас бостандығынан айырудың орнына оған 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл шешімді қабылдау кезінде жеңілдететін мән-жайлар ескерілді.

Жандарбек Жанзақовқа тұрғылықты жері бойынша жағымды сипаттамалар берілген, сондай-ақ оның кәмелетке толмаған баласы бар.

Айта кету керек, оған қатысты айыптау көлемі де азайтылып, оның Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің дамуына сіңірген еңбегі ескерілген.

Еске салайық, осы жылдың мамыр айында 8 жылдан астам уақыт Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болған Жандарбек Жанзақовқа үкім шығарылды. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылды. Ал жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеуі керек еді.

Ол сондай-ақ вице-адмирал атағынан және Қарулы Күштер мен басқа да мемлекеттік органдардағы лауазымдарды жалғастыра беру мүмкіндігінен айырылды.

Әскери прокуратура бұрынғы бас қолбасшыны кемелерді байлау үшін пирстерді жалға беру кезінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңды бұзды деп айыптады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872738-kazakstan-skeri-teiz-ksterini-bryngy-bas-kolbassysy-koloniadan-bosatyldy/

pixel