Мәскеуде халықаралық әскери ынтымақтастық аясында кездесулер өтті

Опубликовано:

ынтымақтастық
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Мәскеу қаласында 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ, ТМД және ҰҚШҰ қорғаныс ведомстволары басшыларының бірлескен отырысына қатысты.

Отырыс барысында халықаралық қауіпсіздікті нығайту мен өңірлік тұрақтылықты қолдау мақсатында осы ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қатысушылар әлемдегі шиеленіс ошақтары мен қақтығыс аймақтарының өсуіне, сенім тапшылығы мен халықаралық қауіпсіздікке байланысты алаңдаушылық білдірді.

Сондай-ақ әлемді алаңдатып отырған СОVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы және бірлесіп әрекет ету мақсатында өңірлік ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі ерекше атап өтілді.

ынтымақтастық
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Бірлескен отырыс қорытындысы бойынша Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Бұдан бөлек, ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ форматындағы делегация басшылары көпжақты әскери ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.

ынтымақтастық ә
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

ТМД мен ҰҚШҰ шеңберінде әскери ынтымақтастықты нығайту жөніндегі 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді. Атап айтқанда, бірлескен әскери оқу-жаттығулар, қару-жарақ пен әскери техника көрмелері, оқу-әдістемелік жиындар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерін тексеру, кемелердің өзара кіруі көзделген. Оған қоса ҰҚШҰ аясында радиоэлектрондық күрес мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды.

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ШЫҰ-ның «Бейбіт миссия» терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуы 2020 жылдан 2021 жылға ауыстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872745-mskeude-halykaralyk-skeri-yntymaktastyk-aasynda-kezdesuler-tti/