Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушыға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған Орал тұрғыны ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Оралда оқушыға сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған 23 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған ер адам кінәсін мойындап, аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға тамыз айының ортасында Орал қаласындағы су қоймаларының бірінің маңында орын алған. Ал 14 жастағы қыз баланың анасы 3 қыркүйек күні тәртіп сақшыларына шағым түсірген. Күдікті тез арада анықталып, қолға түсті.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөліміне ("Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау") сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған бап бойынша кінәсі толық дәлелденген адам белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланбақ.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда бұрынғы прокуратура қызметкері мен бұрынғы банк қызметкері бірлесіп қыз зорлады деп күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872760-okusyga-seksualdyk-sipattagy-reketter-zasagan-oral-trgyny-staldy/

pixel