"Сантехник шақыртқан": Алматыда жантүршігерлік қылмыс жасалды (видео)

Опубликовано:

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда ер адам үш адамды пышақтап тастады, біреуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Қашып кетпек болған күдіктіні тәртіп сақшылары қолға түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыс Түрксіб ауданындағы үйлердің бірінде орын алған.

Оңтүстік астананың полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, ер адам үйде сантехникалық жұмыстарды істеген. Оның еңбегінің ақысын төлеу мәселесіне келгенде жанжал туындапты. Содан кейін қаскөй үйдегі әйел мен оның шешесін, кейін көршісін пышақтап тастаған.

"Алған жарақатынан 1988 жылы туған әйел оқиға орнында көз жұмды. Оның анасы – 1957 жылы туған әйел мен 1985 жылғы көршісі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Күдікті қылмыс орнынан қашып кеткен. Алайда оны учаскелік инспектор аумақты тексеру кезінде ұстады", - деді Түрксіб аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Таңат Назанов.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіттің өлім құшқанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872772-santehnik-sakyrtkan-almatyda-zantrsigerlik-kylmys-zasaldy-video/