Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ертең қоғамдық көлік жүре ме

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Алматыда 6 қыркүйек, яғни жексенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Жексенбі күні қоғамдық көлік бұрынғы режиммен жүреді. Жұмыс күндері автобус маршруттары кешкі 20:00 дейін жүреді. Түнгі 22:00-де автобустар паркке кетеді. Сондықтан кей бағыттардың жұмысы ертерек аяқталады" делінген Алматы көлік холдингінің хабарламасында.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 104 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 106 225-ке жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда карантин режимінің қашан аяқталатынын айтқан болатын.

Сонымен қатар, ол республика бойынша тұмауға қарсы вакцинация екі апта бұрын яғни 15 қыркүйектен басталатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872781-almatyda-erte-kogamdyk-klik-zre-me/

pixel