Алматыда танымал блогердің көлігінің айнасын ұрлап кетті (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Алматыда автокөлік айнасын ұрлаудың кезекті оқиғасы тіркелді. Бұл жолы қаскүнемдердің құрығына танымал блогер және IT-маманы Сергей Ахметовтың темір тұлпары түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Оқиға жұмадана сенбіге қараған түні Алматының Бостандық ауданында орын алған. Оңтүстік астананың тұрғыны таңертең көлігінің айнасы ұрланғанын аңғарып, "102" нөміріне қоңырау шалады.

Фото
Фото: NUR.KZ

"Менің көлігімнің айналары үшінші рет қолды болып отыр. Осыған дейін полицияға жүгінбеген болатынмын. Бұл жолы шыдамым шегіне жетті", - деді Сергей.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келіп, саусақ іздерін алғаны белгілі болды.

Фото
Фото: NUR.KZ

Белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болғаннан бері Алматыда айналарды ұрлау мәселесі әлі толық шешілген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында 5 миллион теңгеге зергерлік бұйымдар ұрлаған гастербайтерлердің қолға түскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872783-almatyda-tanymal-blogerdi-kligini-ajnasyn-rlap-ketti-foto/

jitsu gif