Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын Ордада" істейтін келіншек: Базарда адам саны көп болғанымен, киім алушылар аз

Опубликовано:

Фото
Фото: Malim.kz

Алматыдағы "Алтын Орда" базарында 10 жылдан бері киім-кешек сатумен айналысып келе жатқан Кәмила Жұмағалиева біраз уақытқа созылған карантин жұмысына қалай әсер еткенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Жалғызбасты ана үш баласын осы кәсібімен асырап отыр.

Ол карантинге дейін айлық табысы 500 мың теңге болғанын жасырған жоқ. Ал қазір табысының 70 пайызынан айырылдым деп отыр.

Кәмила Жұмағалиеваның сөзінше, тауарларының барлығы көктемгі қалың киімдер болған соң айналысқа түспей, шаң басып, бутиктің ішінде қалған. Енді оларды алдағы күзде сату керек.

"Сауда болмаған соң жаңа тауарлар әкелуге ақша жоқ. Базарда адам саны көп болғанымен, киім алушылар аз. Ал жаңа тауарларды алуда қиындықтар бар. Тауарлардың бағасы қымбаттаған, түскен кезінде ала алмасаң, ешқандай пайда таппайсың", – дейді сатушы

Ол карантин кезінде берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемді ала алмағанын атап өтті. Оның себебі жеке кәсіпкер куәлігінде екен. Алайда Камила оны 2018 жылдың қаңтарында жауып тастағанын жеткізді.

"Екі айға төленбеген коммуналдық төлем бар. Алдында ғана соған жинап жүрген ақшамды алаяқтар картамнан алып қойды. Kaspi банкке барып шағымданғанда, карантин кезінде ондай адамдардың саны көбейгенін айтты. Өтінішімді толтырып кеттім, ал ақшамды он төрт күн ішінде қайтарып береді екен. Енді қол кусырып отыруға уақыт жоқ. Күнделікті азық-түлікке, жолға да ақша керек. Үйде үш балам бар. Бәріне үнемдеп жеткізгеннің өзінде қосымша қаражат та керек, – дейді жалғызбасты ана.

Еске сала кетсек, осыған дейін тақырға отырғанын айтқан оралдық кәсіпкерлер шу шығарғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872791-altyn-ordada-istejtin-kelinsek-bazarda-adam-sany-kp-bolganymen-kiim-alusylar-az/