Қазақстанда 7 қыркүйектен бастап банктер қалай жұмыс істейді
Опубликовано:

Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің "Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы" бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.
Тиісті құжатқа сәйкес, 2020 жылғы 7 қыркүйегінен бастап өндірістік қажеттілік болған кезде филиалдың штат санының кемінде 30% қызметкері қашықтан жұмыс істеу нысанына ауыса алатын екінші деңгейдегі банктердің филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% қызметкерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етуі тиіс.
"Жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18: 00-ге дейін белгіленетін екінші деңгейдегі банктерді және қызметін Ұлттық банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның негізінде айырбастау пункттері ғана арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін белгілесін", - делінген бұйрықтың мәтінінде.
Сондай-ақ, құжатта қызметтерді барынша онлайн-режимде көрсетуді қамтамасыз ету керектігі аталып өткен. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енбек.
Еске сала кетсек, ертең, жексенбі күні Алматы қаласында қоғамдық көліктердің жүретіні хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872797-kazakstanda-7-kyrkjekten-bastap-bankter-kalaj-zmys-istejdi/