Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ығай мен сығай": Елге танымал адамдар жаппай праймеризге қатысып жатыр

Опубликовано:

Фото
Фото: silteme.kz

Елімізде праймеризге қатысуға он бір мыңға жуық адам өтініш білдірген. Олардың арасында танымал тұлғалардың қарасы көп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы silteme.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Канкуров Станислав айтып берді.

Оның сөзінше, праймеризге тіркелу барысында көптеген жаңа есімдермен қатар, партияға танымал, беделді тұлғалардың да тіркелгендігі белгілі болған. Олардың қатарында Жансая Әбдімәлік, Елдос Жұмақанов, Нұрымбек Тау,  Мұхтар Зулеев, Гүлжан Бекенова, Кенжехан Матыжанов, Такир Балықбаев және тағы басқалар бар.

"Біздің болжам бойынша өте қызу күрес болады. Бұл біз үшін қайта жақсы. Өйткені осы жолы шын мәнінде лайықты халық қалаулыларын тапқымыз келеді. Праймеризде жоғары ұпайды тек шығармашылық адамдары немесе блогерлер ғана иеленген жағдайда да, партиялық тізімнің соңғы нәтижесі бойынша шешімді партиялық конференция қабылдайды. Олай етудің де себебі бар. Біз танымал адамдармен қатар, дәрігерлердің, мұғалімдердің, бизнес өкілдерінің, көп балалы аналардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың және тағы басқалардың мүдделерін қорғайтын өкілдерді қамтуымыз керек. ", - деді Канкуров Станислав.

Ол праймериздің басты мақсаты қоғамның сұранысын қанағаттандыратын жаңа белсенді көшбасшыларды анықтау екенін алға тартты.

"Былай айтқанда, халық өз мәселелерін орындауда белсенділік танытпайтын депутаттардан жалықты, сондықтан да праймериз Nur Otan партиясының атынан билікке ұсыну үшін расымен халыққа жанашыр, қоғамға өзгеріс енгізуге ынтасы бар, ойы тың, белсенді адамдардың тізімін құруға арналған", - деді Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, Канкуров Станислав 7-қыркүйекте басталатын үгіт-насихат жұмыстарының көп бөлігі онлайн режимінде жүргізілетін жеткізді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысында Nur Otan праймеризіне қатысуға өтініш бермек болған Кенжебек Алпысбаев қағаз жүзінде өзінің "о дүниелік" болып кеткенін естіп, таңырқап қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872798-ygaj-men-sygaj-elge-tanymal-adamdar-zappaj-prajmerizge-katysyp-zatyr/

pixel