Теміртауда 50 жастағы адамның мәйіті табылды: Полиция қылмысты ашты

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: hour24.ru

Қарағанды облысы Теміртау қаласының полицейлері кісі өліміне қатысты қалмысты ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің ресми ресурсы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 5 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында “Арселор Миттал Теміртау ” АҚ комбинатынан 200 м. құдықтан денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар, бұрын жоғалғандар санатында болған 50 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктіні ұстау және анықтауға байланысты барлық ішкі істер органының жеке құрамына бағыттама берілген.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 43 жастағы екі азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші 4 баланы қағып кеткені туралы хабарлаған едік. Жеткіншектердің бірі ауруханаға жетпей көз жұмған..

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, 5 қыркүйек күні, сағат 18:50 шамасында Бородулихо ауданы Жаңа Шүлбі ауылында болған.

Жол апаты салдарынан 10 жасар қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмып, қалған балалар түрлі жарақаттарсен ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872836-temirtauda-50-zastagy-adamny-mjiti-tabyldy-policia-kylmysty-asty/

jitsu gif