Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңынан 2 млн теңгенің материалдары ұрланды

Опубликовано:

құрылыс
Көрнекі фото: astana.gov.kz

Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздеу шаралары кезінде бұған дейін сотталған үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу барысында күдікті азаматтардың құрылыс нысанындағы ғимараттың құлпын бұзып кіріп, ішінде жатқан жалпы сомасы 2 млн теңгеге жуық құрылыс материалдары мен қымбат тұратын құралдарды ұрлап әкеткені анықталды.

Ұсталған тұлғалар уақытша тергеу абақтысына қамалды. Ұрлық фактісі бойынша айғақ заттар алынды.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған тұлғалардың заңға қайшы әрекетінен зардап шеккен азаматтар Бейбітшілік, 19 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: 8 (7172) 71-60-69

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысы Теміртау қаласының полицейлері кісі өліміне қатысты қалмысты ашқан болатын.

Ведомство мәліметінше, 5 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында “Арселор Миттал Теміртау ” АҚ комбинатынан 200 м. құдықтан денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар, бұрын жоғалғандар санатында болған 50 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктіні ұстау және анықтауға байланысты барлық ішкі істер органының жеке құрамына бағыттама берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872840-nr-sltanda-krylys-alaynan-2-mln-tegeni-materialdary-rlandy/