Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция елорда төрінде өтіп жатқан "қыз ұзату" тойының үстінен түсті (видео)

Опубликовано:

той
Көрнекі фото: YouTube

Нұр-Сұлтанда мониторинг жүргізу тобы 5 қыркүйек күні кешкі сағат 18:40-та қаладағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойдың үстіне түсті. Бас санитар дәрігердің қаулысына қарамастан, ұйымдастырушы тойға 50-ге жуық қонақ шақырған. Отбасылық мереке сол сәтте тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полиция департаменті мәліметінше, мейрамхана әкімшісіне қатысты жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілген.

Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин режимін сақтауға шақырады. Ауру жұқтыру оқиғаларын болдырмау мақсатында тәртіп сақшылары тұрғындармен арнайы әңгімелесу жүргізеді.

Мұндай шаралар азаматтарға мәжбүрлі ықпал ету шараларынан гөрі тиімдірек әсер етеді.

«Өкінішке қарай, алдын алу шараларын елемеу оқиғалары әлі де орын алып отыр. Соңғы тәуліктің ішінде ғана Полиция департаментінің қызметкерлері 57 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, соның ішінде 43-інде карантин режимінің бұзылуын анықтаған. Азаматтар салынған тыйымды елемей, отбасылық мерекелерді әлі де өткізуде, сол арқылы егде жастағы адамдардың ғана емес, балалар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Барлық тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады», - деп мәлімдеді полиция қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872854-policia-elorda-trinde-tip-zatkan-kyz-zatu-tojyny-stinen-tsti-video/

pixel