"Әдейі емес еді": Теннис жұлдызы Джокович орынсыз әрекетімен ұятқа қалды

Опубликовано:

Джокович1
Фото: Matthew Stockman/Getty Images

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатында сызықтық төрешіні доппен ұрды. Бұл әрекеті үшін ол жарыстан шеттетілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Джокович испандық Пабло Карреньо-Бустаға қарсы ойнады. Кездесу бірінші сетте испандықтың пайдасына 6:5 болған кезде тоқтатылды. Джокович өзінің доп берісін ұтылып, үзіліске кетіп бара жатқанда, алды-артына қарамай, допты ұрып жібереді.

Нәтижесінде доп сызықтағы төрешіге тиіп, ол айқайлап, құлап түседі. Сербиялық теннисші агрессивті мінез көрсеткені үшін жарыс жолынан шеттетілді және оның АҚШ ашық чемпионатына қатысуы осылайша аяқталды.

Джокович1
Фото: Al Bello/Getty Images

Кейінірек ол әлеуметтік желідегі парақшасында бұл оқиғаға байланысты түсініктеме берді.

"Осы жағдай толығымен мені қатты қайғыртып отыр, әрі көңілім құлазиды. Мен сызықтық төрешінің жағдайын білдім, маған берілген ақпаратқа сәйкес, Құдайға шүкір, оның қалы жақсы көрінеді. Мен оның құпиялығын сақтау үшін ол кісінің есімін айта алмаймын. Мен оны осындай күйзеліске ұшыратқаныма өкінемін, бұл әдейі емес еді. Бұл дұрыс емес болды. Мен осы жағымсыз тәжірибені, турнирден шеттетуді маңызды өмір сабағына айналдырғым келеді, осылайша мен адам ретінде өсіп, дами аламын.
Джокович1
Фото: Al Bello/Getty Images
US Open ұйымдастырушыларынан кешірім сұраймын. Маған үлкен қолдау көрсеткен командам мен отбасыма, сондай-ақ жанкүйерлеріме өте ризамын, өйткені олар әрдайым менің қасымда. Рақмет және кешіріңіздер. Бұл барлығы үшін ауыр күн болды", – деп жазды Джокович.

Еске салсақ, аты әлемге әйгілі футболшы, "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси каталониялық клубтың 5 қыркүйекте өткен жаттығуына келмеді.

Оған оса, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының алғашқы турында Литвамен сырт алаңда кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872867-dzokovic-us-open-turnirinen-settetildi/