Әкесі пандемия құрбаны болған Хабиб енді қалай жаттығып жатқанын айтты
Жарияланған күні:
UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов алдағы жекпе-жекке алғаш рет әкесіз қалай дайындалып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Хабибтің әкесі оның жеке жаттықтырушысы болғаны белгілі, спортшының өзі жетістікке әкесінің арқасында жеткенін бірнеше рет айтқан.
Жаттықтырушы Хавьер Мендес 2012 жылдан бері – менің мансабымдағы маңызды адамдардың бірі. Біз оны әрқашан "намбер ту" деп айтамыз. Әкем – "намбер уан". Соңғы 40 күнде мен қарқынды дайындық үстіндемін. Хавьер маған қоңырау шалып: "Хабиб, дайындалып жатсың ғой, солай ма?", дейді, – "Иә". "Маған спаррингтің видеосын жіберші. Көргім келеді", - деді. "Жақсы, жіберейін" деп жауап бердім. Мен жіберген жоқпын, ұмытып кетіппін, себебі мен үшін спаррингтерімді түсіру, оларды жіберу әдеттен тыс жағдай болды. Екі күннен кейін ол маған қоңырау шалып: "Хабиб, сен маған спаррингтің видеосын жіберемін деп уәде берген едің, бірақ олай еткен жоқсың. Қазір бізде оқу-жаттығу жиыны болып жатыр.
Қазір жағдайың қаншалықты қиын екенін түсінемін. Бірақ біз кәсіпқой болып қалуымыз керек. Видео түсіріп, маған спаррингті жібер! Мен бұны қазірдің өзінде тапсырма түрінде айтып жатырмын!", - деді. Біздің достық қарым-қатынасымыз жақсы, бірақ оқу-жаттығу жиындарының уақыты келгенде, біз оған өте жауапкершілікпен қараймыз және бір-бірімізге сын көзбен қараймыз", – дейді Хабиб Нурмагомедов.
Ол бапкерлер штабы Абдулманаптың дайындық жоспарларын қолданатынын мойындады.
"Жүйе өзгерген жоқ, әрине... Сезімдер... Жақын адам жоқ кезде... Ол осы залды салған. Көрмегені жоқ. Бұл оның жобасы болды. Бу бөлмесі, бассейн, дене шынықтыру бөлмесі, дайындық залы. Мен аулаға шығып, бірден залға кіретіндей. Менің жақындарым, спарринг-серіктестер осында келуі үшін жасалған. Ол үнемі зейінімді бөлетін басқа залдарға бару маған қаншалықты қиын болғанын түсінді.
Жүйе өзгерген жоқ, бірақ әкемнің орны босап қалғаны байқалады. Қолдан келер шара бар ма? Біз мұны қабылдап, алға жылжуымыз керек. Басқа таңдау жоқ. Немесе кету керек, бастаған істі жауапкершілікпен орындау керек. Мен бұрынғыдай жаттығамын. Мүмкін одан да көп те шығар",– деді UFC чемпионы.
Хабибтің Джастин Гэтжимен жекпе-жегі 24 қазанда UFC 254 турнирі аясында Жекпе-жек (Яс аралы, Абу-Даби, Біріккен Араб Әмірліктері) аралында өтетіні белгілі.
Еске салсақ, Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов 3 шілдеде қайтыс болған еді. Өлімге коронавирустан болған көптеген асқынулары себеп болған.
Оған қоса, спортшы бұған дейін асқар тауы Абдулманап Нурмагомедовті еске алып, әкесіне әсерлі сөздерін арнаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872947-kesi-pandemia-krbany-bolgan-habib-endi-kalaj-zattygyp-zatkanyn-ajtty/