Алматыда қазаншұңқыр опырылып түсіп, қарт әйел зардап шекті

Опубликовано:

кел44
Видеодан кадр: kris_p_almaty

"Сары-Арқа" базарының аумағындағы құрылыста қазаншұңқыр опырылып түсті. Бір адам зардап шекті деп жазады KAZ.NUR.KZ Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Сары-Арқа" базарының аумағында жердің опырылып түскен видеосы тарап кетті. Видео көп қабатты пәтерден түсірілген.

"Бәрі опырылып қалды. Дәл біздің үйіміздің алдында. Әйел зардап шекті. Міне мына қоршау, жер опырылып түсті. Міне олар құрылысты осылай жасайды", - дейді кадр сыртындағы келіншек.

Пікір қалдырған оқырмандар бұл "Сары-Арқа" базары екенін айтты.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқыс оқиғаның салдарынан бір адам зардап шеккен.

Қарт әйелді № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлердің тексеруінен өткен соң пациентті тіркелген мекен жайы бойынша орналасқан емхананың невропотологынан амбулаторлық ем қабылдауға жіберген.

Оған , бет және бас тінінің жеңіл жарақаты диагнозы қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында балкон опырылып, қыз бен жігіт құлап кетті.

Сондай-ақ, бұған дейін Қарағанды облысының Шашубай кентінде үшқабатты үйдің балконы опырылып түсіп, салдбас миының шайқалуыарынан ерлі-зайыптылар зардап шеккен болатын.

Айта кетсек, Оралда 31 жастағы Самат Шайдуллаұлының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам тоғыз қабатты үйдің төбесіндегі электр тоғынан қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873054-almatyda-kazanskyr-opyrylyp-tsip-kar-jel-zardap-sekti/