Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Жанпейісов атымен танылған блогер жазасын қайда өтеп жатыр (видео)

Опубликовано:

ФОТО
Фото: instagram.com/bibarsraimbekov

Атын ресми түрде Бибарс Райымбеков деп өзгерткен Руслан Жанпейісов шілденің соңында бір жылға сотталған еді. Қазіргі уақытта танымал блогер жазасын қай жерде өтеп жатқанын желі белсендісі Руслан Лазута айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Лазута "полиция аңшысының" орналасқан жері мен жағдайы туралы әңгімелейтін видеоны YouTube-тағы ресми арнасында жария етті.

Руслан Лазутаның айтуынша, Райымбеков жазасын елордалық колонияда өтейді. Алдымен блогер Шымкенттік темір торға тоғытты, бірақ кейінірек ол оңтүстік астанаға ауыстырылды. Алайда ер адам Алматыда да "көп тұрған жоқ", кейін оны жазасын өтеу үшін ел астанасына жіберді.

"Ол жігітте барлығы жақсы. Денсаулығы да дұрыс", - деді Лазута Райымбековтің жағдайына алаңдайтындарға.

Желі белсендісі сонымен қатар айыпталушы белгіленген мерзімінің үштен бірін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алатынын жеткізді. Райымбековтың адвокаттары осымен айналыспақ.

Қорытындылай келе, Руслан Лазута "осы тарихи кезеңде" әріптесі "Қазақстанда ештеңе істей алмайтынын" атап өтті. Ол блогерлер мен құқық қорғаушыларға мемлекет адал болған кезде ғана елден лайықты орын табады, деді.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Жанпейісовтің сот үкімімен 1 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873078-ruslan-zanpejisov-atymen-tanylgan-bloger-zazasyn-kajda-tep-zatyr-video/