Қазақстандықтар Жапония мен Оңтүстік Кореядағы тайфуннан қалай аман қалды (фото, видео)

Опубликовано:

фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Жапония мен Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар табиғат апатынан қалай аман-есен қалғандарын айтты. Өткен демалыс күндері екі елде "Хайшен" тайфуны соқты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласы қуатты Хайшен тайфунынан зардап шекті. Онда желдің екпіні 125 км/ сағатқа жеткені белгілі болды.

Табиғат апаты салдарынан қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланып, мыңдаған адамдар эвакуацияланды және жүздеген рейстер тоқтатылды.

Қазақстандық Диана Сағиева 6 жылдан бері Оңтүстік Кореяда тұрып жатыр. Ол табиғаттың "тосын мінезіне" үйреніп қалғанын жасырмады.

Отандасымыздың айтуынша, бұл осы жылдың оныншы тайфуны екен.

Қатты жел ағаштарды сындырып, электр сымдарына зияны келтіргенімен, жауапты қызметтер апат салдарын тез арады жойып үлгерді.

"Тайфунға үйреніп қалдық. Кореяда біз ешнәрседен қорықпаймыз", - деді Диана.

Тайфун Оңтүстік Кореяның жағалауына Жапониядан келді, онда табиғат апаты салдарынан 4 адам қайтыс болып және тағы ондаған адам жарақат алды.

"Бұл жолы Жапонияның метеорологиялық агенттігі қауіптің ең жоғары деңгейі туралы мәлімдеме жасаған жоқ", - деді отандасымыз Сәнім Аленова.

Күншығыс елінің билігі 7,5 миллионға жуық тұрғынға эвакуация жасауды тапсырды, бірақ адамдардың барлығы арнайы баспанаға тығылы алмайтыны да айтылды. Пандемия болғандықтан, олардағы орындар шектеулі.

"Қазір аралда мектептер, фабрикалар, дүкендер жұмыс істемейді", - деді қазақстандық.

Еске салсақ, бұған дейін көршілес жатқан Қытайдың шығыс аймағында орын алған су тасқыны салдарынан Цзянси қаласының 589 мың тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Табиғи апаттың салдарымен күресуге 25 мыңға жуық полиция мен әскери қызметкерлер жұмылдырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873096-kazakstandyktar-zaponia-men-otstik-koreadagy-tajfunnan-kalaj-aman-kaldy-foto-video/