jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

COVID-19 соңғы пандемия емес: ДДСҰ жаңа індетке дайын болуға шақырды

тәжвирус45
Көрнекі фото: pixabay.com

Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем COVID-19-дан сабақ алып, жаңа пандемияларға дайындалуы керек екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Гебрейесустың сөзінше, денсаулық сақтау - әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықтың негізі. Сол себепті ауруларды анықтау, алдын-алу және бақылау қызметтеріне ақша салу қажет.

"Бұл бірінші пандемия емес. Тарих бізге эпидемия мен пандемия өмірдің бір бөлігі екенін үйретеді. Бірақ келесі пандемия келгенде, әлем қазіргіден әлдеқайда көп дайындықта болуы керек", - деді Гебрейесус.

ДДСҰ бас директорының айтуынша, пневмония, Таяу Шығыс респираторлық синдромы, қызылша, полиомиелит, эбола, тұмау және басқа аурулардың өршуінен кейін дайындық жұмыстарын жүргізген елдер коронавирус кезінде оң нәтиже көрсетіп отыр.

Айта кетсек, әлем бойынша 26,7 миллион адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ 876 мыңдай адам індеттен көз жұмды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус инфекциясы табылып, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 106 425-ке жетті.

Сондай-ақ, бұған дейін қауіпті инфекциядан 5 151 адам ем қабылдап жатқаны айтылған. Оның арасында 31 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 761 науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған.

COVID-19 соңғы пандемия емес: ДДСҰ жаңа індетке дайын болуға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.