Суыр етін жеген: Моңғолияда бубон обасынан тағы бір адам көз жұмды

Опубликовано:

коронавирус
Көрнекі фото: Ezra Acayan via Getty Images

Моңғолия тұрғыны бубон обасын жұқтырып, қайтыс болды. Бұл - обандан қайтыс болған үшінші адам деп жазады KAZ.NUR.KZ Федеральное агентство новостей сайтына сілтеме жасап.

Оба жұқтырған 38 жастағы ер адам дүйсенбі күні Завхандағы Тосонцэнгэл ауданында көз жұмған. Ақпараттарға сүйенсек, марқұм өткен айда суыр етін жеген. Алайда ер адам байланыста болған 25 адамнан оба анықталмапты.

Айта кетсек, бұл бубон обасынан болған үшінші өлім жағдайы. Бұған дейін Моңғолияның батысында орналасқан Ховд провинциясында 42 жастағы ер адам көз жұмғаын жаздық. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Доржийна Нарангэрэла берген ақпаратқа сәйкес, марқұм өлер алдында суыр етінің екі тұлыпын сатып алған.

Сондай-ақ, Говь-Алтай провинциясында да дәл осы індеттен 15 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғаны хабарланған. Марқұм ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Артынша марқұмның үш күн бұрын достарымен бірге суыр етін жегені белгілі болды.

Бубон обасы – өте қауіпті жұқпалы ауру. Қазіргі уақытта ол жақсы емделіп, тексеріледі, бірақ қажетті көмек көрсетілмесе, ересек адам 24 сағат ішінде өліп кетуі мүмкін.

Індеттің негізгі тасымалдаушыларына жабайы кемірушілер, суырлар, сарышұнақтар, егеуқұйрықтар жатады.

Еске сала кетсек, Қытай мен Моңғолияда оба өршіген соң ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова арнайы түсініктеме берген болатын.

Әбілқасымованың сөзіне сүйенсек, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай обаның өршуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ ол Қазақстан жануарлар обасының таралуы үшін қолайлы екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873156-suyr-etin-zegen-mogoliada-bubon-obasynan-tagy-bir-adam-kz-zmdy/