Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрттап кеткен": Таразда көпбалалы анаға берілген әлеуметтік көмек жұртты шошытты (видео)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қоғам белсендісі Сандуғаш Тұрлыбекова көпбалалы аналарға мемлекеттен тегін берілетін әлеуметтік көмектің сапасы сын көтермейтінін айтып, дабыл қақты. Мәселен, Тараз қаласындағы көпбалалы отбасыға берілген әлеуметтік пакеттен мерзімі өтіп кеткен заттар табылған. Тіпті, тегін берілген пакеттегі жарма өнімдеріне құрт түсіп, үй ішіндегілердің зәресі ұшқан. Бұл туралы белсенді KAZ.NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

"Әр аймақтағы белсенді азаматтар отыратын арнайы чатымыз бар. WhatsApp-тағы топқа Тараздан осындай видео келді. Видеоны ашып көру мүмкін емес. Көпбалалы отбасыға берілген әлеуметтік пакеттегі азық-түліктер құрттап, шіріп кеткен. Көмекке берілген тамақтың ішінде құрт-құмырсқа мен қоңыз өріп жүр. Бұл не масқара? Бұл халықты қорлау емей немене?", - дейді Сандуғаш.

Сондай-ақ, қоғам белсендісі әлеуметтік пакетке бөлінетін тендер кім көрінгеннің қолында кетіп жатқанын айтады.

"Осы әлеуметтік пакетті мұқтаж жандарға тарату үшін арнайы тендер ойнатыныны анық. Ал тендер алғандар ақшаны барынша қысып, өзіне пайда көру үшін осындай жарамсыз дүниелерді береді елге. Мәселен, жарма өнімдері тез бұзылады. Әсіресе, осы өнімдерге құрт-құмырсқа жиі түседі. Сондықтан, дереу, уақытылы тарату қажет. Бұл жерде шикілік көп. Сол пакеттегі заттардың құны он мыңгеге жетпейді. Дәл бұлай шіріп кеткен тамақты әкелгенше, сол ақшаны аналардың өзіне берген дұрыс емес пе?", - дейді белсенді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Таразда 50 жылдан бері тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар шағымын айтқан болатын.

Тұрғындардың сөзінше, судан бөлек, олар жарықтың да азабын тартып келеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873178-krttap-ketken-tarazda-kpbalaly-anaga-berilgen-leumettik-kmek-zrtty-sosytty-video/

pixel