Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қашан экстрадицияланады: Бас прокуратура жауап берді

Опубликовано:

Ақжарқын Тұрлыбай 6516
Фото: azh.kz

Бас прокурордың орынбасары орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан Қазақстанға экстрадициялауға не кедергі болып жатқанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері бас прокуратура өкілінен қытай тарапына Тұрлыбайды Қазақстанға беруге қандай заңды нюанстар кедергі келтіріп жатқанын сұрады.

Өз кезегінде Марат Ахметжанов қазіргі сәтте қазақстандыққа қатысты үкім заңды күшіне енгенін атап өтті.

Ол Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен сотталған азаматтарды беру туралы келісімді ратификациялағанын еске салды.

Құжатқа сәйкес, бұл рәсімді бастау үшін сотталушы жазаны Қазақстанда өтеуге ниетті екенін көрсететін жазбаша өтініш беруі тиіс.

Содан кейін ратификацияланған келісімге сәйкес, Қазақстан билігі ҚХР прокуратурасына оны елге беру туралы хабарлама жолдай алады.

Алайда, оның айтуынша, сотталушыны берудегі басты шарт – екі елдегі қылмыс үшін жазаның сәйкес келуі тиіс.

"Ол жерде (ҚХР-да – ред.) ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Бізде ондай қылмыс үшін қандай санкция қарастырылғанын қараймыз. Айта кету керек, 297 бап бойынша – есірткі сату, тасымалдау үшін бізде де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Егер оның жасаған қылмысы осы баптың санкциясына келетін болса, келісімге сәйкес, барлық материалдарды зерттей келе жазасын елде өтеуі үшін оны Қазақстанға экстрадициялауға толық мүмкіндік бар", – дейді бас прокурордың орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің сыртқы істер министрлігі Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру рәсімін қолдану қарастырылып жатқанын мәлім еткен болатын.

Айта кетсек, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873222-akzarkyn-trlybaj-kazakstanga-kasan-ekstradicialanady-prokuratura-zauap-berdi/

pixel