Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен аптада елімізде коронавирустан 46 адам көз жұмған

Опубликовано:

аурухана1
Көрнекі фото: pixabay.com

31 тамыз және 6 қыркүйек аралығында Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан 46 адам қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми дереккөздің мәліметінше, коронавирустан көз жұмғандар еліміздің әр өңірінде тіркелеген. Олар:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 7
  • Алматы қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 6
  • Алматы облысы - 6
  • Атырау облысы - 1
  • Шығыс Қазақстан облысы - 8
  • Батыс Қазақстан облысы - 3
  • Қарағанды облысы - 8
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 1

Жалпы ел бойынша коронавирустан бүгінге дейін барлығы 1634 адам қайтыс болған.

Сонымен қатар өткен тәулікте тағы 64 адамнан COVID-19 анықталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, 239 адам аталмыш індеттен жазылып шыққаны хабарланды. Осылайша қазір Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 99 893-ке жетіп отырса, 106 425 адам вирус жұқтырған.

Ал әлемдегі жағдайға келсек, Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша дүние жүзінде екінші орынға шыққан.

Айта кетейік, Үндістан COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша бұған дейін екінші орында тұрған Бразилияны басып озған.

Ал коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлі де көш бастап тұр.

Сонымен қатар Джакарта билігінің коронавируспен күресте ерекше тәсілге көшкенін жазған едік.

Мәселен жергілікті полицейлер бетперде тағудан бас тартқан тұрғындарға табытта жата тұруды ұсынуда. Осылайша билік COVID-19-дың қаншалықты қауіпті екенін халыққа сезіндіргісі келсе керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873250-tken-aptada-elimizde-koronavirustan-46-adam-kz-zmgan/