Бергей Рысқалиевтің тәркіленген мүлкі қайтарылатын болды

Опубликовано:

Бергей Рысқалиев
Фото: Ақ Жайық

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің тәркіленген мүлкі қайтарылатын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда тәркіге алынған мүліктің тек жартысы қайтарылады деп хабарлайды Astana TV. Шенеунік жемқорлық үшін сотталған болатын. Экс-әкімнің туыстарының мүлкі тәркіленбейтін болды. Бас прокуратура олардың заңсыз жолмен келгені дәлелденбегенін алға тартты.

"Туыстары мен өзгелерге ешқандай айып тағылмады. Соталды тергеу барысында олардың мүлкі заңсыз жолмен келгендігі анықталмады. Екіншіден, ресми шағымға дейін тәркіге алынған мүлік қайтарылды. Ол ҰҚТ-ны белгілі бір мерзімнен бастап құрған болса, бұл мүлік оның бизнесте жүрген кезінде тіркелген", - дейді Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Мұндай шешім ел имиджіне қалай әсер етеді деген сауалға прокурор бұл сұрақтың мәселеге қандай да бір байланысы барын көрмей тұрғандығын алға тартқан.

Еске салсақ, 2019 жылдың қаңтарында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті қауіпсіздігі жоғары колонияда 17 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Оның мүлкін тәркілеп, алты жылға мемлекеттік қызметтен аластатқан болатын.

Ал оның ағасы Аманжан Рысқали болса, 16 жылға сотталып, мүлкі тәркіленген. Олар қылмыстық топ құрып, жемқорлықпен айналысқаны үшін кінәлі деп табылған болатын. Сот барысы сотталушыларсыз өткен. Себебі, ағайынды Рысқалиевтар Қазақстаннан кетіп қалып, оларға іздеу салынды. Кейін Бергей Рысқалиевтің Лондонда серуендеп жүрген сәтінен видео жария болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873292-bergej-ryskalievti-trkilengen-mlki-kajtarylatyn-boldy/