Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде әкімдік қызметкерлері жаппай іс-шара ұйымдастырғаны үшін айыппұл арқалады

Опубликовано:

шенеуніктер123
Көрнекі фото: "Коммерсантъ" / Артем Дергунов

Өскеменде әкімдік қызметкерлері карантин кезінде жаппай іс-шара ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, тамыз айында Өскемен әкімдігінің қызметкерлері видео-эстафета ұйымдастырған. Оған оннан астам адам қатысқан.

Іс-шараны өткізу кезінде қалада жаппай жиындарға тыйым салынған болатын. Эстафета қатысушылары маска тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтағанымен, карантин талаптарын бұзғаны үшін оларға айыппұл салынды.

Атап айтқанда, Өскемен әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар 115 АЕК (320 мың теңгеге жуық) көлемінде айыппұл төледі.

Сондай-ақ ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аймақта карантин талаптарының орындалуын бақылайтын 24 мобильді топ қызмет ететінін атап өтті. Аталған топтар 18 мамырдан бері 6500-ден астам нысанның қызметін тексерген.

Карантин талаптарын бұзу фактілері бойынша 218 жеке тұлға, 10 жеке кәсіпкер және 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 12 іс соттың қарауына жіберілді.

Бұған дейін карантинге қарамай той жасап жатқан өнер адамдары жұрттың ашуын тудырған болатын.

"Еуразия бірінші арнасы" таратқан ақпаратқа сәйкес, екі айда ел бойынша 600-ге жуық той иесіне ірі көлемдегі айыппұл салынған.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте тағы 73 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873300-skemende-kimdik-kyzmetkerleri-zappaj-is-sara-jymdastyrgany-sin-ajyppl-arkalady/

pixel