Үкімет қазақстандықтардың өмірін жақсарту жоспарын бекітті

Опубликовано:

халық1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Министрлер кабинеті онлайн жиналыс кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасына дауыс берді. Басты мақсат - "халықтың әл-ауқатын көтеру" деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үкіметтің отырысында 11 бөлімнен тұратын жоспар жобасы оқылды. Олардың ішінде - 2021 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бар мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануы, бірыңғай білім беру онлайн-платформасын құру, үш деңгейлі қылмыстық модель секілді бөлімдер бар.

Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет мүшелерін жоспарға дауыс беруге шақырды. Содан кейін оны бекіту туралы шешім қабылданды.

"Үкіметтің басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын көтеру, экономиканы дамыытп, тұрақты жұмыс орындарын құру. Жоспарды президент бекіткеннен кейін барлық мемлекеттік органдар мен әкімдітер көп ұзатпай оның орындалуына кірісуі керек.
Барлық бірінші басшылар жоспар шараларының уақытылы әрі сапалы орындалуы қамтамасыз етуі міндетті", - деді Асқар Мамин.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасады.

Жолдауы барысында мемлекет басшысы 700 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтты.

Сондай-ақ, елімізде зейнетақысын кімдердің пайдалана алатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873316-kimet-kazakstandyktardy-mirin-zaksartu-zosparyn-bekitti/