Қазақстан пандемияның жаңа толқынына дайындалып жатыр

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Пандемияның болуы ықтимал жаңа толқынына дайындық ретінде үкімет басшысы Асқар Мамин үш міндет жүктеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Премьер-министрдің айтуынша, әлемдегі эпидемияның тұрақсыздығын ескерсек, вирустың қайтадан өршу мүмкіндігіне дайындық жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Кейбір шектеу шараларын жалғастыру қажет.

"Осыған байланысты мынадай тапсырма беремін:

1. Өңірлердің әкімдері эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстасын, барлық санитариялық нормаларды қатаң сақтасын. Вирустың таралуы мен ауру жұқтыру көрсеткіштерінің өзгеруіне қарай жедел әрі нақты әрекет етсін. Инфрақұрылымды дайындау шараларын қабылдасын және барлық сатыдағы медицина жұмыскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

2. Денсаулық сақтау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге халық арасында профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.

3. Цифрлық даму министрлігі Денсаулық сақтау, Ақпарат министрліктерімен бірге халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін",– деді Асқар Мамин.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте тағы 73 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Жалпы, республика бойынша індетке шалдыққандар саны 106 498 адамға жеткен.

Сондай-ақ, 31 тамыз және 6 қыркүйек аралығында Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан 46 адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873336-askar-mamin-koronavirusty-zaa-tolkynyna-dajyndyk-esebinde-s-mindet-zktedi/

jitsu gif