Қазақстанда өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан тағы 7 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Omer Evren Atalay/Anadolu Agency via Getty Images

Соңғы тәулікте Қазақстанда COVID-19 және пневмониядан 7 адам қайтыс болды (6 адам коронавирустан, біреуі пневмониядан) деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

8 қыркүйекте республикада коронавирус белгілері бар 450 жаңа пневмония жағдайы тіркелді, тағы бұрын ауру жұқтырған 1 адам көз жұмды.

Өткен тәулікте аурудан айыққандардың саны 372-ге өсті. Пневмония бойынша статистика кезеңінде 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 9 қыркүйегіне дейін Қазақстанда келесі жағдайлар тіркелді:

Науқастар саны: 28 228;

Өлім жағдайлары: 316;

Барлығы 6548 адам сауығып шықты.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 810 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 35-і – кәмелетке толмағандар.

Стационарларда 2 680 науқас емделіп жатыр. 2 130 отандасымыз амбулаториялық жағдайда аурумен күресіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 136 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске салсақ, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 73 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды. Жалпы, республика бойынша індетке шалдыққандар саны 106 498 адамға жеткен.

Пандемияның болуы ықтимал жаңа толқынына дайындық ретінде үкімет басшысы Асқар Мамин үш міндет жүктеді. Премьер-министрдің айтуынша, кейбір шектеу шараларын жалғастыру қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873362-kazakstanda-tken-tulikte-kvi-men-pnevmoniadan-tagy-7-adam-kajtys-boldy/