Қарашадан бастап Шымкент бағытындағы кейбір тас жолдар ақылы болмақ

Опубликовано:

шымкентсити
Фото: otyrar.kz

Қарашадан бастап Шымкент-Жібек жолы тас жолында жүру ақылы болмақ. Әзірге терминалы бар үш арка сынақ режимінде жұмыс істейді. Төлем тек жүк көлік жүргізушілерінен алынады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Келесі жылы Түркістан облысы аумағында 300 шақырым жүргені үшін барлық жүргізушілер ақы төлейтін болады. Әзірге жеңіл автокөліктер үшін әрбір шақырым 1 теңгеден есептеліп отыр.

Ал жүк көліктеріне қанша төлейтіні белгісіз. Мамандардың айтуынша, бағаны анықтауға көліктің санаты мен салмағы әсер етеді деп жазады Otyrar.kz.

"ҚазАвтоЖолдың" Түркістан облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары Ерлан Кенжехановтың айтуынша, 300 шақырымдық ақылы жолға жалпы 10 бақылау аркасының үшеуі қойылған. Сондай-ақ, клиенттермен жұмыс істейтін үш орталық бар.

Осы жылы Шымкент-Ташкент-Шымкент аймағын сынақ режиміне ауыстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы жылы Шымкент-Жібек жолы тас жолында жүргені үшін төлем алу басталмақ. Үш аркаға құрылғыларды орналастыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Осы бөлімдегі жұмысты сынақтан өткізгеннен кейін жүйе Шымкент - Жамбыл және Шымкент - Түркістан тас жолдарына енгізілмек.

Жергілікті тұрғындар мен жеңіл көлік жүргізушілеріне жылдық абонементтер қарастырылуы мүмкін. Баға қараша айына қарай белгілі болады.

Ақылы жолдан түскен қаржы жолдарды күтіп ұстауға және инфрақұрлымдық жүйені жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ, жол ақысын арнайы терминалдарда мобильді платформалар арқылы төлеуге мүмкіндік туады.

Еске сала кетсек, елімізде ақылы автожолдар жүйесі оларды жөндеу және күтіп ұстау шығындарын өтеу мақсатында құрылғанын жазған едік.

Сонымен қатар қарапайым мұғалім Шымкент әкімінің кеңесшісі болғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873401-karasadan-bastap-symkent-bagytyndagy-kejbir-tas-zoldar-akyly-bolmak/