Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда зейнетке шығу жасы өзгере ме: Еңбек министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанда зейнетке шығу жасының төмендетілетіні туралы хабарлама тарап жатыр. Ақпаратқа қатысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда заң бойынша ер адамдар 63 жасында, әйелдер 59,5 жасында зейнетке шығады.

Егер азаматтың зейнетақы шотында жеткілікті зейнетақы жинағы болса, онда ол зейнеткерлік аннуитетін (зейнет жасына жеткенше зейнетке шығу) пайдалана алады.

Зейнеткерлік аннуитеті кезінде ер адамдар 55 жаста, әйелдер 51,5 жасында зейнетке шыға алады. Денсаулыққа зиян келтіретін жағдайда еңбек ететін адамдар зейнеткерлік аннуитетіне сәйкес 50 жасында зейнетке шығуына болады.

Сондай-ақ, министрлік 2018-2027 жылдар аралығында әйелдердің зейнет жасы ұлғая түсетігін еске салды. Яғни, "ҚР Зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы" заңына сәйкес, жыл сайын әйелдер зейнетке алты айға кеш шығады.

Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, әйелдердің зейнетке шығу жасының ұлғаюы ортақ зейнетақы жүйесінің біртіндеп "құлдырауына" байланысты болып отыр. Зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі ғана ескеріледі, сол себепті олардың мөлшері жылдан жылға азаяды.

Осыған байланысты әйелдерге зейнетақы жинақтарының көлемін арттыруға мүмкіндік беріліп отыр дейді ведомство.

Осының арқасында, министрліктің дерегіне сәйкес, болашақта әйелдер БЖЗҚ-дан жоғары зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін ала алады.

Сондай-ақ, мерзімінен бұрын зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар әйелдер үшін зейнеткерлік жас көтерілмейтіні атап өтілді.

  • 5 немесе одан да көп бала босанған (асырап алған) әйелдер және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелегендер - 53 жаста;
  • 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін Семей ядролық полигонының төтенше және максималды радиациялық қаупі бар аймақтарда кем дегенде 5 жыл өмір сүрген әйелдер - 45 жаста зейнетке шыға алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент халыққа жолдауында қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдан бастап пайдалана алатынын айтқан еді.

Сонымен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағынан алынған ақшаның қолма-қол берілмейтінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873423-kazakstanda-zejnetke-sygu-zasy-zgere-me-ebek-ministrligi-zauap-berdi/

pixel