Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақын күндері Қазақстанда күн жылынады

Опубликовано:

Ауа райы1
Көрнекі фото: piqsels.com

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағында күн айтарлықтай жылиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазгидромет" мамандарының дерегіне сүйенсек, алдағы үш күн ішінде Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ететін болады.

Олар солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жаңбыр тудырады. Алдағы тәулікте батыста екпінді желмен, дауылмен қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.

Республиканың қалған аумағындағы ауа райын антициклон анықтайды, онымен бірге құрғақ, салыстырмалы түрде ауа райы жылы болады деген болжам бар.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялаған болатын. Бірқатар аймақта жел соғып, тұман түсіп, үсік күтілетінін хабарлаған еді.

Айта кетейік, еліміздің кейбір өңірлерінде жауын-шашын мөлшері бойынша рекордтық көрсеткіштер тіркелді. Осылайша, Қазақстанның солтүстік бөлігінде, сондай-ақ еліміздің орталығы, шығысы мен оңтүстік-шығысындағы жекелеген аудандарда температура тамыз айында нормадан 1-3°С-қа жоғары болған.

Оған қоса, белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова күздің бірінші айына болжам жасады. Астролог айдың басында көптеген елдің заңнамасы өзгеретінін айтты. Бірақ, жаңа нормалар адамдардың көңілінен шықпайды, керісінше, ашуын тудыруы мүмкін екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873470-zakyn-knderi-kazakstanda-kn-zylynady/

pixel