Лавров Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара қашан ашылатынын айтты
Опубликовано:

Бүгін Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер ведомстволарының басшылары Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров кездесті. Бірлескен баспасөз конференциясында Сергей Викторович қос ел арасындағы шекараның ашылуына қатысты сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Лавров барлығы қалыпты өмірге тезірек оралғысы келетінін атап өтті.
"Шекаралардың ашылуына қатысты мәселеге келсек, бұл эпидемиологиялық органдарға байланысты болып отыр, олармен тығыз байланыстамыз. Тамыздың соңында Мәскеуде келіссөздер жүргізілді, ортақ түсінік бар", – деді ол.
Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы пандемиямен күрес жақын арада шекараны ашуға мүмкіндік береді деп үміттенетінін жеткізді.
Ресей университеттеріндегі қазақстандық студенттердің оқуын қалпына келтіру мәселесі де сөз болды. Лавров бұл мәселе білім немесе сыртқы саясатқа қатысты мәселе емес екенін атап өтті.

Мұнымен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер айналысады. Шешім қабылдайтын шұғыл штаб бар. Шетелдік студенттермен, Ресей Федерациясында бірнеше жыл оқығандар, жоғары оқу орындарына енді түскен студенттерде туындаған мәселе арнайы қарастырылған болатын.
"Шешім Ресейдің сыртқы істер және білім министрліктерінің бірлескен ұсыныстары негізінде қабылданды. Барлық елдердің, соның ішінде Қазақстан студенттеріне мүмкіндік беретін нақты шарттар жақын арада белгілі болады", – деді Лавров.
Еске салсақ, бұған дейін ресейлік жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер Ресей үкіметке, сыртқы істер министрлігіне және Федералды қауіпсіздік қызметіне үндеу жасаған еді. Олар оқуды пандемия кезінде елге кіру себептерінің тізіміне қосуды сұраған болатын.
Оған қоса, тамыз айының басында Air Astana әуе компаниясы Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы қашан ашылатынын айтып берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873471-lavrov-kazakstan-men-resej-arasyndagy-sekara-kasan-asylatynyn-ajtty/