Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы сүйіктісінен хабар ала алмаған бойжеткен оның үйін өртеп жіберді (фото)

Опубликовано:

Өртенген1
Фото: Пенза облысы бойынша ІІМ басқармасы

Ресей еліндегі Пенза қаласының тұрғыны өзінің бұрынғы жігіті хабарламалары мен қоңырауларына жауап бермегені үшін оның үйін өртеп жіберген. Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігінің Пенза облыстық басқармасының сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ведомствоның мәліметінше, Ресей Ішкі істер министрлігінің Бессоновский ауданы бойынша кезекші бөліміне елді мекендердің бірінен ағаш үй өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Тергеу-жедел тобы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері дереу көрсетілген мекенжайға бет алған.

Мамандардың пікірінше, өрттің шығуына от қою себеп болған. Өрт салдарынан үй толығымен дерлік жанып кеткен.

Өртенген1
Фото: Пенза облысы бойынша ІІМ басқармасы

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция бірнеше сағат ішінде күдіктіні анықтады. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылған, 1991 жылы туған Пенза қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті қосымша тергеу жұмыстарын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Әйел өз әрекетін мойындаған. Күдіктінің айтуынша, осылайша ол бұрынғы жігітін жазаламақ болыпты.

Белгілі болғандай сүйіктісімен қоштасқаннан кейін бойжеткен онымен ұзақ уақыт байланысқа түсуге тырысқан, бірақ жігіт қыздың хабарламалары мен қоңырауларына жауап бермеген көрінеді.

Өртенген1
Фото: Пенза облысы бойынша ІІМ басқармасы

Ал үйден өрт шыққан уақытта үй ішінде жігіттен басқа оның бауыры мен ағасы және таныс қызы болған. Олар жанып жатқан үйден шығып үлгеріпті. Енді үйсіз қалғандар ауа райы суытқанға дейін уақытша өрттен жарық пен газсыз қалған бөлмелердің бірінде тұрмақ.

Өртенген1
Фото: Пенза облысы бойынша ІІМ басқармасы

Аталмыш факті бойынша өзгенің мүлкіне қасақана зиян келтіру фактісі бойынша Ресей Қылмыстық кодексінің 167-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдіктіге қатысты бұлтарпау шарасы таңдалған және одан да ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық таныту туралы қолхат алынған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындаы ер адам үйін өртеп, салдарнан жапсарласып орналасқан үш үйдің де түгі қалмай жанып кеткен хабарлаған едік.

Одан бөлек, ақтөбелік азамат бұрынғы әйеліне ерегесіп, оның әкесінің үйін өртеп жібергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1873493-bryngy-sjiktisinen-habar-ala-almagan-kelinsek-ony-jin-rtep-ziberdi-foto/

pixel