Алматы-Қостанай бағытындағы ұшақта зейнеткер көз жұмды

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: pexels.com

9 қыркүйек күні Алматы-Қостанай рейсінің бортында 70 жастағы ер адам қайтыс болды. Полиция бұл істі тергеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі ПД баспасөз қызметінімң мәліметінше, 9 қыркүй күні кешкі сағат бес жарым шамасында Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне Алматы-Қостанай авирейсінде 70 жастағы ер адамның кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Алдын ала болжам бойынша, марқұм белгісіз созылмалы аурудың салдарынан көз жұмған.

Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

Зейнеткердің өліміне қатысты іс тергеліп жатыр. Басқа ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтіндігі айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қолына пышақ ұстаған ер адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға тап беріп, көлік жөндеу орталығының клиентін жаралаған еді.

Қолына пышақ ұстаған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Видеоның сипаттамасына сәйкес, оқиға түскі уақытта Алматы қаласындағы Әуезов ауданында орын алған.

Сондай-ақ, Атырауда ауылдастар арасындағы жанжалдан ер адамның көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 тамызда сағат 03:10 шамасында Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873555-er-adam-almaty-kostanaj-bagytyndagy-sakta-kz-zmdy/