"Тиісе береді": Қайынағасы сезімін білдіріп жүрген келіншек сырымен бөлісті

Опубликовано:

фото
Көрнекі фото: pexels

Қайынағасы сезімін білдіріп жүрген келіншек сырымен бөлісті. 23 жастағвы әйелдің бір жасар қызы бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жолдасым екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз деген келіншектің оқиғасы Instagram желісіндегі ushbu_hat парақшасында жарияланды.

"Менің проблемам қайынағам. Ол үйленбеген. Мен бұл үйге келгенде маған өте жақсы қарайтын, енем тиісіп сөйлесе, мені қорғап қалатын. "Ол сөйлей береді, мән берме" деп күліп айтып отыратын. Аға ретінде қатты сыйлайтынмын. Енді қазір сезімін білдіріп жүр.
"Мені неге ұнатпайсың? Күйеуің сияқты кәсіпкер емес, жай вахтадағы жұмысшы болғандықтан ба?" дейді. Қасында болмауға тырысамын, бірақ тамақ істесем де, ыдыс жусам да қасыма келіп отырып, сөйлей береді",- деп жазды ол.

Келіншектің сөзінше, қайынағасы інісі үйге келгенде жақындамайды, себебі одан қорқады.

"Енем "менің бір баламның басын айналдырғаның жетпей ме, екіншісінде шаруаң болмасын" дейді. Мен қайынағама ешқандай үміт бермегенмін. Жолдасыма айтайын ба, әлде керек емес пе?",- деп жазды ол.

Айта кетейік, осыған дейін Ресей еліндегі Пенза қаласының тұрғыны өзінің бұрынғы жігіті хабарламалары мен қоңырауларына жауап бермегені үшін оның үйін өртеп жібергенін хабарлаған едік.

Аталмыш факті бойынша өзгенің мүлкіне қасақана зиян келтіру фактісі бойынша Ресей Қылмыстық кодексінің 167-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873638-tiise-beredi-kajynagasy-sezimin-bildirip-zrgen-kelinsek-syrymen-blisti/

jitsu gif