KASE доллардың бірден қымбаттап кету себебін түсіндірді

Опубликовано:

теңге мен доллар 1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская теңге бағамының төмендеуін онлайн брифингте түсіндірді. Доллар бір аптада 7 теңгеге қымбаттаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері ұлттық валютаның арзандауы туралы түсініктеме беруді сұрады. Наталья Хорошевская 3 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін теңгенің долларға қатысты біршама төмендеуі болғанын мойындады.

Бірақ бүгінде жағдай өзгеріп, нәтижесінде теңге 33 тиынға нығайған. Сарапшының пікірінше, бұл сыртқы факторларға байланысты.

"Доллар бағамы әлемдік нарықтағы мұнай бағасының динамикасымен байланысты. Ал "қара алтынның" бағасы 3 қыркүйектен бастап белсенді түрде төмендей бастады және ұзақ уақыт ішінде алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен болып шықты. Шын мәнінде, бұл айырбас бағамының динамикасына әсер еткен фактор", - деді Хорошевская.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мұнай бағасына карантиндік факторлар да әсер етеді. Мәселен, жазда карантиннің жұмсартылуына байланысты экономика қалпына келе бастады.

Қазір елдер қайтадан жаңа шектеу шараларын қолдана бастады, бұл әлемдік нарықтағы мұнай бағасына кері әсер етуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгенің не себепті әлсіреп кеткенін түсіндірді.

Досаевтың мәлімдеуінше, тамызда мұнай бағасының өсуі, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт бөлу шеңберінде Ұлттық қор активтерін конвертациялау және квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімдерінің бір бөлігін міндетті сату бойынша ұзақ мерзімді шаралар теңгені қолдап отырған.

Сондай-ақ кеше 1 доллар 431 теңгеге шарықтап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873660-kase-dollardy-birden-kymbattap-ketu-sebebin-tsindirdi/

jitsu gif